"Гарри Поттердің" фанаттар түсірген нұсқасы жарық көрді

"Гарри Поттердің" фанаттар түсірген нұсқасы жарық көрді
Фото: vk.com

Өткен аптаның аяғында YouTube желісінде "Волдеморт: Мұрагер тамыры" (Voldemort: Origins of the Heir) атты 52 минуттық фантастикалық фильм пайда болды.

"Гарри Поттер" фильмдер желісінің ресми емес нұсқасын Tryangle Films кинокомпаниясы түсірген. Өздеріңіз байқағандай, фанаттар түсірген нұсқада басты кейіпкер ретінде зұлым Волдеморт қарастырылады.

Фильм сюжеті бойынша, Том Риддлдің бойындағы зұлымдық пен күштіліктің өршуі салдарынан оның қалай есімінен ел үркитін лорд Волдемортқа айналғаны айтылады. Естеріңізге сала кетейік, бұл кейпікер "Гарри Поттер" әлеміндегі ең мықты зұлымдық күшінің иесі ретінде танылды.

Бір жақсысы, кез келген адам фильмді төмендегі сілтеме бойынша тегін қарай алады.

А. Оралқызы