Дисней сұлуларының шынайы кейіпкерлері

Дисней сұлуларының шынайы кейіпкерлері
Фото: ToyByToy.com

Ұзақ уақыт бойы Дисней басшылығы барлық көріністі тірі режимде түсіруін талап етіп келді. Адамдары бар көріністі нағыз актерлар ойнады. Көріністі шынымен мультипликация көмегімен бейнелеуге болатындығына көз жеткізгісі келді. Бұл процесс live-action reference – табиғи қозғалысты кадрлар деп аталды. Мультипликаторларға мұндай тәсіл ұнамай, қарсылық білдіріп келді. 

Қаршақыз (Белоснежка) және Көгілдір перизат (Голубая фея): Мардж Чемпион

Биші, хореограф және актриса Мардж Чемпион мультфильмдегі Қаршақыз рөлін сомдаған. Содан соң ол 1937 жылы Маржджори Белчер атымен "Қаршақыз және жеті гном" фильміндегі Қаршақыздың да рөлін ойнады. Оның ойнау нақышы болашақ диснейлік сұлулардың үлгісіне айналды. 

Сонымен қатар, Мардж "Пиноккио" мультфильміндегі Көгілдір перінің де рөлін сомдаған.

Малефисента, Күлбикенің (Золушка) өгей шешесі: Элеанор Одли

Американдық актриса "Ұйқыдағы ханшайым" мультфильміндегі "мүйізді" Малефисентаға және Күлбикенің өгей шешесіне үлгі болған. 

Мультипликаторлар рөлдік үлгілерге ұқсас актерларды шақыртатын болған. Одлидің сыртқы келбеті де актерлық ойыны да Малифисента мен өгей шешенің орындауына дәл келген. 

Күлбике, Аврора ханшайым: Хелен Стэнли

Хелен нәзік Күлбикеге, оның өгей әпкесі Анастасияға және Аврора ханшайымға прототип болды. Актерлардың қатысуымен фильм-үлгі түсірілген. Себебі Уолт Дисней кейіпкерлердің барынша шынайы көріну керектігін айтқан. 

Динь-динь перизаты: Маргарет Керри

Қырсық Динь перизатын Мерилин Монро ойнаған деген сыбыс шықты, алайда перизатты "тірілей" бейнелеген Маргарет Керри болған. 

Покахонтас: Ирен Бедар

Әдемі үндіс ханшайымын Ирен Бедар ойнаған. "Менің ағам алғашқы қойылымды көрі үшін Аляскадан орталық саябаққа дейін жол жүріп келді. Мультфильм барысында ол Покахонтастан менің келбетімді байқаған сайын мені шынтағымен түртіп отырды", - дейді Ирен.

Алиса ғажайыптар елінде: Кэтри Бомон

Актриса Алиса рөлі ол үшін өміріндегі ең маңыздысы болғанын мойындайды. Ол кішкентай Алисаны дыбыстап қана қоймай, мультфильм суреттелгенге дейін оның рөлін ойнаған.

А. Жапатова