"Патрик Мелроуз" романы бойынша түсірілген фильм трейлері шықты

"Патрик Мелроуз" романы бойынша түсірілген фильм трейлері шықты
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде "Патрик Мелроуз" сериалының алғашқы трейлері шықты. Басты рөлді танымал актер Бенедикт Камбербэтч сомдайды. Сондай-ақ, актер жобаның продюсері ретінде де танылды.

Сериал жазушы Эдвард Сент-Обин туындысының желісі бойынша түсірілген. Оқиға 1960-шы жылдардағы Франция, 1980-ші жылдардағы Нью-Йорк пен 2000-шы жылдардағы Ұлыбританияда орын алады. Патрик Мелроуз — бала күнінде алған психологиялық әсерлерінен есейген кезде де қиындық көріп жүрген аристократ жас жігіт.

Сериалдың режиссері – Эдвард Бергер. Ол басты кейіпкердің ата-анасын сомдауға Хьюго Уивинг пен Дженнифер Джейсон Лиді белгілеген. Сценарийді Сент-Обин кітаптарының сюжеті бойынша Дэвид Николс жазған. Мини-сериал биыл Showtime тенеарнасында қалың көрерменге жол тартады.

А. Оралқызы