Атақтылар ережесі: Райан Гослинг

Атақтылар ережесі: Райан Гослинг
Фото: spletnik.ru

Райан Гослинг – өзінің керемет рөлдері арқылы көрермендің жүрегін жаулап алған актер. Әсіресе, өткен жылы Оскар сыйлығы бұйырмаған, бірақ, көрермендер тарапынан керемет ілтипатқа ие болған «Ла-ла ленд» фильмі арқылы кең танымалдылыққа ие болды.

1. Менің әкем фабрикада жұмыс істеді. Отбасымдағы барлық ер азамат фабрикада жұмыс істеу арқылы күндерін көрді. Ал, мен жаным нені қалайтынын білмедім. Кейін ағам Элвиске пародия жасады. Сол кезде ғана өмірден нені қалайтынымды түсіндім.

2. Интернет – түсініксіз нәрсе. Саған жүгері ұнамағаны үшін мыңдаған адам сені жек көріп кете алады.

3. Мен өзімнің балалық шағымды, тәнімді, шашымды жек көрдім. Маған жол көрсеткендерді жек көрдім. Сондықтан, мүмкіндік туа қалса, үйден кетуді көздедім.

4. Дэмьен (режиссер) «Ла-ла ленд» фильмін түсіруді өмір бақи армандады. Менде екі таңдау бар еді: бірі оның арманының күлін көкке ұшыру болса, екіншісі пианинода джазды ойнап үйрену.

5. Кейде, жылағаннан гөрі күлген дұрыс.

6. Бала кезімнен банкті тонауды армандадым. Өкінішке орай, шынайы өмірде бұл мүмкін емес нәрсе: мені абақтыға отырғызуы мүмкін.

7. Мен әрқашан себепсіз кешірім сұрай беремін.

8. Менің анам – өте сұлу адам. Сондықтан, онымен көшеде бірге жүру қорқынышты еді.

9. Балалар оларды шын жақсы көруге лайықты. Сонымен қатар, әр баланың әкесі ұлы болуы тиіс. Бала үшін.

10. Егер «Ла-ла ленд» 50-жылдары түсірілсе, соңында ешкім жыламас еді.

11. Мектепте менің лақап атым «Мәселе» болатын.

12. Татиуровкаңызға мағына іздеп уақыт құртпаңыз – бәрібір өкінесіз.

13. Әйел адамдар ер адамдардан әлдеқайда мықтырақ. Оны бәрі біледі.

14. Ең үздік фильмдер туралы адамдар әркез үнсіз қалады.

Т. Есқали