Пулитцер сыйлығының лауреаты "Торғай" романы экранизацияланатын болды

Пулитцер сыйлығының лауреаты "Торғай" романы экранизацияланатын болды
Фото: vk.com

Warner Bros. және Amazon Studios студиялары Донна Тарттың "Торғай" романы желісі бойынша фильм түсірмек. Ондағы басты кейіпкерді сомдауға актер Энсел Элгорт бекітілді.

Фильм режиссері Джон Краули болмақ. Ол 3 номинация бойынша "Оскар" сыйлығы мен BAFTA марапатына ұсынылған "Бруклин" фильмі арқылы жақсы танымал. Фильм түсірілімі 2018 жылдың алғашқы айларында басталады.

Жалпы, "Торғай" романы 2013 жылы жарық көрген. Туынды 13 жасында анасынан айырылған Тео есімді жасөспірімнің өмірінен сыр шертеді. Оның өмірін 360 градусқа өзгертіп жіберген күні Тео анасымен бірге Метрополитен-мұражайына  Карел Фабрициустың  "Торғай" картинасын көруге барған. Роман 2014 жылы Пулитцер сыйлығын иеленсе, одан бір жыл бұрын  Amazon интернет-дүкенінде ең көп сатылған кітап болды.  

А. Оралқызы