Аниме қарағым келеді

Аниме қарағым келеді
Фото: emosurf.com

Аниме — Жапонияның мультфильмі ме?

Егер жалпы анимациялық топқа енгізсек, аниме – мультфильм. Бірақ, жапондар әр салада өз жолымен кеткенді жөн санайды. Сондықтан, әлемдегі барлық мультипликациядан ерекшеленетін жаңа өз туындыларын жасап шықты. Бұл салаға байланысты жыл сайын жаңа заңдар еніп отырады.

Алғашқы жапон мультипликациясындағы «үлкен көздер» Disney студиясынан алынған, дәлірек айтсақ, «Микки Маус» пен «Бэмби» мультфильмдері арқылы дүниеге келген.

AZs K-On анимесі

Уақыт өте, анимені жасау барысында көптеген әдістер қолдана бастады: эмоцияны көрсетудің түрлі бейнелері, адамның басының үлкендігі, әсіресе, жылау немесе күлу барысында болатын өзгерістер, түрлі-түсті шаш.

Аниме —  балаларға арналған ба?

Аниме жас талғамайды. Бірақ, жасқа бөлу барысында жаңа жанрларды қалыптастырды. Балаларға арналған жанры «кодомо» деп аталады. Мысалы «Покемон» кодомо жанрына жатады.

 Фяы «Покемон»

• Сёнэн —  жасөспірім ер балаларға арналған аниме түрі. Бұл анименің сюжетінде көптеген шайқас, әзіл мен келбетті арулар көп болады.
• Сёдзё —  жасөспірім қыз балаларға арналған анименің жанры. Мұнда ғашықтар хикаясы немесе ерекше қабілетке ие қыздардың оқиғасы баяндалады. Мысалға: «Сейлор Мун».
• Сэйнэн —  ересек ер адамдарға арналған аниме түрі. Оның жасөспірімдерден айырмашылғы сюжеті салмақтырақ, ой салады әрі драма көбірек кездеседі.
• Дзёсэй — әйел адамдарға арналған жанр. Сюжетінде басты кейіпкердің мәселелері, оның махаббат оқиғасы бейнеленеді.
• Киберпанк және стимпанк-аниме альтернативті шынайылықты сипаттайтын болса, меха —  роботтарды ұнататындарға арналған.

Аниме қарамаған адамға не ұсынамыз?
Алдымен толықметражды аниме қарағанды ұнатасыз ба әлде сериалды жөн көресіз бе, осыны шешіп алғаныңыз жөн. Егер толықметражды анимені таңдасаңыз, онда Хаяо Миядзакидің жұмыстарынан бастағаныңыз дұрыс.

Хаяо Миядзакиді неге жақсы көреді?
Миядзаки — ертегіші, тіпті сиқыршы.Ол әр туындысында ғажайыпқа толы әлемді жасайды, кейіпкерлерінің өзі тым ерекше. Балаларға арналған атмосфераны ересектерде еш қиындықсыз қабылдай алады. Өйткені, оның сюжеттері жас талғамайды.

 фы«Менің көршім –  Тоторо»

Сонымен қатар, егер сюжетті емес, тек сезімдерді сипаттайтын анимені ұнатсаңыз, Макото Синкайдың шығармашылығын ұсынамыз. Әсіресе, «Секундына 5 сантиметр» мен «Сенің есімің»(Твое имя) сіздерге ұнайтыны анық. 

Т. Есқали