Forbes ең бай актерлер рейтингін ұсынды

Forbes ең бай актерлер рейтингін ұсынды
Фото: vk.com

Forbes журналы әдеттегідей ең бай актерлер рейтингін ұсынды.

Бұл тізім бойынша бір жылда 68 миллион АҚШ долларын тапқан Марк Уолберг бірінші орынды иеленді. Екінші сатыға 65 миллион АҚШ долларымен Дуэйн Джонсон тұрақтаса, Вин Дизель 54 миллион АҚШ долларымын үшінші орынға орналасты.

Одан кейінгі кезек Адам Сэндлер ($50 миллион), Джеки Чан ($49 миллион),  Роберт Дауни-Джуньор ($48 миллион) мен Том Круз ($43 миллион) сынды атақты актерлерге келді.

Алғашқы ондыққа Болливуд актерлері де енген екен. Мысалы, сегізінші орында $38 миллион қаржы тапқан Шахрукх Кхан тұрақтаса, одан кейінгі сатыларда Салман Кхан ($37 миллион) мен Акшай Кумар ($35 миллион) тұр.

Екінші ондықты Крис Хемсворт ($31,5 миллион), Том Хэнкс ($31 миллион) Сэмюэл Джексон ($30,5 миллион) бастайды. Актер Райан Гослинг $29 миллион кірісімен 14-ші орынды місе тұтса, Райан Рейнольдс $21,5 миллионмен 15-ші орынды иеленді. Кейінгі сатыларға Мэтт Деймон ($21 миллион), Джереми Реннер ($19 миллион) мен Крис Эванс ($18 миллион) жайғасты. " Галактика сақшылары" киножелісінің жұлдызы Крис Пратт 17 миллион АҚШ долларымен 19-шы орында тұр. Ал, 20-шы сатыда биылғы кірісі 13 миллион АҚШ долларын құраған Марк Руффало орналасты.

А. Оралқызы