Сауалнама. Тақтар ойыны. Ең, ең...

Сауалнама. Тақтар ойыны. Ең, ең...
Фото: google.com

«Тақтар ойыны» сериалы, 7-маусымының қарсаңында Business Inside басылымы аталған сериалдағы «Ең-ең» деген аталымдарға көрермендер арасында сауалнама жасаған. Аталым «Ең керемет маусым», «Нашар маусым», «Біз күтпеген өлім», «Бізді қуантқан өлім», «Ең мұңды өлім», «Ең мықты қаһарман», «Ең мықты зұлымдық иесі», «Сүйікті кейіпкер», «Таңғалдырған бөлім», «Таққа кім отырады?» деген бөлімдерден құралған.

Сауалнама қатысушылардың дені төмендегідей жауап берген:

«Ең керемет маусым» – 6-маусым

«Нашар маусым» – 5-маусым

«Біз күтпеген өлім» – Нэд Старк

«Бізді қуантқан өлім» – Джоффри Баратеон

«Ең аянышты өлім» – Ходор

«Ең мықты қаһарман» – Джон Сноу

«Зұлымдық иесі» – Серсея Ланнистер

«Сүйікті кейіпкер» – Тирион Ланнистер

«Таңғалдырған көрініс» – «Қанды үйлену тойы»

«Таққа кім отырады?» – Дейенерис Таргариен

Ал біз, оқырмандар арасында осы сауалдарды қойып, пікірлерін білейік:

test
Г. Берік