«Аладдин» ертегісі бойынша фильм түсірілмек

«Аладдин»  ертегісі бойынша фильм түсірілмек
Фото: vk.com

Disney студиясы 1992 жылы түсірілген "Аладдин" анимациялық фильмінің ремейкіне қандай актерлер қатыстырылатынын анықтады. Фильм режиссері ретінде Гай Ричи таңдалды.

Сонымен, Жасминді Наоми Скотт, Джин рөлін Уилл Смит, ал Аладдинді Мена Масуд сомдайтын болды.

"Аладдин" картинасының сценарийін "Алып балық" және "Чарли мен шоколад фабрикасы" фильмдері түсірілімдерінде жұмыс істеген Джон Огаст жазған. Дэн Лин фильм продюсері болып тағайындалды.

Анимациялық фильмнің түпнұсқасы араб ұлттық ертегісінің желісі бойынша түсірілгені баршаға белгілі. Аталған фильм 1992 жылы ең көп касса жинағанымен қоса, 2 мәрте "Оскар" иеленді.

А. Оралқызы