Диана ханшайым туралы фильмнің трейлері шықты

Диана ханшайым туралы фильмнің трейлері шықты
Фото: vk.com

Өткен жолы HBO арнасы Диана ханшайым туралы деректі фильм түсіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Енді сол түсірілім аяқталып, оның алғышқы трейлерін тамашалауға мүмкіндік туып отыр. Негізгі әңгіме леди Дидің ұлдарының атынан айтылатындықтан картинаға «Диана, біздің анамыз: оның өмірі мен мұрасы» деген атау таңдалған.

Жобада Уильям және Гарри ханзадалар өздерінің тұлға болып қалыптасуына Диананың сіңірген еңбегі туралы әңгімелейді.  «Фильм Диананы жаңа қырынан танытады, біз оны өзгелерден артық білетін екі адамның көзімен көреміз», - дейді картина продюсері Ник Кент. Премьера биылға жоспарланып отыр.

А. Оралқызы