Кино: өмір, адам, даму

Кино: өмір, адам, даму
Фото: 20qu.com

Кино әлемі жыл сайын дамып келеді. Басында қара-ақ түсті фильмдер түрлі түске боянып, көрік ене бастағаны сол еді, асқан жылдамдықпен дамып кетті. Түрлі фантастикалық, экшн жанрындағы фильмдерге сұраныс артты. Осылайша, кино әлемінің өзінде ғаламат технологиялардың өзық үлгісін көре бастадық. Айына бір рет кинотетарға бармасақ, өзімізді әлденеден құр қалғандай сезінетін жағдай жеттік.

Киноматография саласының негізгі міндеті – адам санасына жақсылықты жеткізу, олардың рухани қалыптасуына әсер ету. Бірақ жарнама, бәсеке, пиар секілді ұғымдармен астасып бұл міндеттердің барлығы «пайда табу» деген түсінікпен алмастырылды.

Ал енді осы фильмдердің, көз алдыңызда көрген оқиға желісі мен кейіпкердің әрекеттері сіздің адам болып қалыптасуыңызға қалай әсер етеді? Ойланып көрдіңіз бе?

Жағымсыз фильмдер қайырымсыз дос іспеттес. Уақытыңызды алады, көңіл-күйіңізді түсіреді. Бірақ, еш нәрсе бермейді.

Киноның нағыз жауы – іс пыстырарлық сюжет. Бұл фильмнен аларыңыз болса да, сезіміңіз ақылыңызды тұншықтырып тастады. Ал  киноның өтімділігін арттыратын нәрсе – оқиға желісінің өткірлігі.

Сіздің ойлау көкжиегіңіздің дамитыны соншалықты, сіз оқыған кез келген дүниеңізді өз ойыңызда киноға айналдырасыз. Бұл да фильмнің сізге тигізген әсері.

Көрген фильміңізді болашақта санаңыз өткен өмріңіз ретінде қабылдауы мүмкін. Таңғалмаңыз.

Кино өмірден алынады. Әрине, кейде асырып жеткізгенмен, өмірдің нағыз бейнесі көрсетіледі. Тек өмірдегіден әлдеқайда жеңіл қабылдайсыз.

Кино бақытты болуға, махаббатқа сенуге, қорқынышыңды жеңуге күресуге үйретеді. Кейде қылмысқа баруға да итермелейді. Өмірде ешнәрсе тек ақтан тұрмайды. «Әттеген-айы» міндетті түрде табылады.

Кейде кинотеатрда отырып, уақытңыздың қалай зу етіп өтіп кеткенін байқамай қаласыз ба? Демек, сіз жақсы киноның куәгері болдыңыз. Құттықтаймыз.

Ұмытпаңыз, жұлдыздар аспанда болады. Ал экрандағы жақсы актерлар.

Кино жаман нәрсеге үйретпеуі тиіс, керісінше жаманнан жиренуге үгіттеуі керек. Ал бүгінгі фильмдерге қарап олай деп ойламайсыз. Солай ма?

Кино зейінді жаттықтырады. Өзге нәрсеге алаңдамай нақты жұмыспен айналысуға мәжбүрлейді.

Көп романтикалық фильм қарамаңыз. Өйткені өмірде олай болмайтынына көзіңіз жеткенде қаймығып қаласыз.

Фантастикалық фильмдер армандауға үйретеді.

Барлық фильмнің бақытты аяқталатыны қуантады, өйткені, жақсылықтың жеңетінін осылайша дәлелдейді.

Ұзақ сериалдарды қарау үшін өмір тым қысқа. Одан да  2 сағатыңызды қиып, өмірлік мәні бар фильм қараңыз. 

Т. Есқали