Әлемдегі алғашқы дыбысталған кино (Видео)

Әлемдегі алғашқы дыбысталған кино (Видео)

1895 жылы әлемдегі алғашқы киноны түсірген ағайынды Луи мен Огюст Люмьерлер өз туындалары мен «Синематограф» проекциондық түсіру аппаратына патент алған болатын. Дәл сол жылдың 28 желтоқсанында Париж қаласындағы Капуцинок бульварындағы «Гран-кафеде» алғашқы ақылы киносеанс өз жұмысын бастады. 10 минуттың ішінде 10 қысқа метражды лента көрсетілді.

Киноның дыбыссыз болғанына қарамастан, кинотеатрға келушілердің саны толастаған жоқ. Көрермен қауым арасында фортепианода ойнау арқылы фильм сюжетін бейнелейтін таперлер (пианистер) пайда болды.

Фильмге дыбысты орнату мақсатында бірқатар ғылыми тәжірибелер өткізілді. Әсіресе, мұндай тәжірибені Уорнер Бразерс (Warner Brothers) студиясы жиі өткізетін. Студия дыбыс жазатын аппаратура сатып алып, 1926 жылы «Дон Жуан» фильмін шығарды. 1927 жылы Уорнер Бразерс кинотеатрда толық метражды әрі дыбысталған «Джаз әншісі» фильмін көрсете бастады.


Әлемдегі алғашқы дыбысталған бұл фильмге «Оскар» сыйлығының арнайы жүлдесі берілді. Алан Кросландтың «Джаз әншісі» фильмі - толық дыбысталған әрі граммофон пластинкасына жазылған музыкамен әрленген әлемдегі ең алғашқы кино.

«Джаз әншісі» джазға ғашық болған бозбала туралы музыкалық фильм. Басты рөлді Эл Джонсон сомдаған. Фильм кеңінен танылып, компанияға 3,5 миллион доллар табыс әкелді. Осы фильм арқылы дыбыссыз кино кезеңі аяқталып, дыбысты киноның дәурені басталды.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.


Ғ. Ұзақ