Митхун Чакраборти – үнді классикасының жаршысы

Митхун Чакраборти – үнді классикасының жаршысы
Фото: GoldDisk.Ru

“I am a disco dancer…” Иә, бұл атақты Үнді фильмінің саундтрегі.

Жаңа буын түсінбейтін, тіпті біле бермейтін үнді классикасының мақтанышы Митхун Чакрабортидің бүгін туған күні. «Зуби–зуби» деген әнмен басталатын «Биші Диско» фильмінің жарық жұлдызы әлі күнге дейін өзінің мәртебесін жоғалтпаған.

Осы уақытқа дейін 250-ге жуық фильмге түскен актердің ең сәтті рөлі «Биші Диско» 1982 жылы үлкен экранға жол тартады. 

Жүрекке жылы фильмнің оқиға желісі де, орындалған әуендер де, қазір қарасаң күлкілі көрінетін би де халықтың сүйіспеншілігіне бөленді.

Митхун бұл фильм арқылы тек үздік актер ретінде емес үздік биші ретінде де халық жадында қалды. 80-жылдардың көңіл-күйін сыйлайтын бұл фильм сол уақыттардың ең қызықты жаңалығы болатын.

Осындай сәттің бөлшегі болғаның үшін рақмет, Митхун Чакраборти!

Т. Есқали