Өрмекші адам тағы да қазақша сөйлейді

Өрмекші адам тағы да қазақша сөйлейді
Фото: marvel.com

Интернетте «Өрмекші адам. Үйге қайтып келу» қаһарманның шытырман оқиғалары туралы қазақ тіліне дубляж жасалған жаңа фильмнің қазақ тіліндегі трейлері шықты. Бұл қазақ тіліне аударылған 21-фильм және өрмекші адамның шытырман оқиғалары туралы қазақ тіліндегі үшінші фильм. Фильм кинотеатрларда Астана күні 6 шілдеде қазақ және орыс тілдерінде басталады.

MARVEL студиясының фильмі Питер Паркердің кекшілдер командасымен тарихи кездесуден кейін басынан өткен хикаялары туралы айтып береді. Питер өзінің Мэй тәтесінің қамқорлығымен әдеттегі өмір сүруге тырысып, үйге қайтып келеді. Бірақ енді оған тағы біреу қарап жүр… Тони Старк Өрмекші адамның әрекеттерін көрді және оның тәлімгері болуы тиіс. Жаңа зұлым Құзғын Питерге қымбат жандардың бәрін жойып жіберуге қауіп төндірген кезде, барлығына суперқаһарманның кім екенін дәлелдеудің уақыты келеді.

Фильм 2D, 3D және 3D IMAX форматтарында көруге болады. Жаңа шытырман оқиғалар, бұрынғы сүйікті кейіпкерлер, ең жақсы арнайы әсерлер – осының бәрі қазақ тілінде. Фильм қазақ тіліне «Болашақ» Корпоративтік қоры және «Marwin» компаниясының қолдауымен дубляждалды.

Г. Берік