Нью-Йорк тұрғындары "Анамды іздеймін" фильмінің көрсетіліміне қатысты

Нью-Йорк тұрғындары "Анамды іздеймін" фильмінің көрсетіліміне қатысты
Фото: Талғат Әбдірахманов

АҚШ-та қырғыз режиссері түсірген "Анамды іздеймін" фильмінің тұңғыш көрсетілімі болды. Қырғызстандағы балалар үйіне қаржылай қолдау білдіру мақсатында еріктілер бір күндік жоба ұйымдастырғанын айтады.

Фильм көрермендері ішінде Нью-Йорк қаласында тұратын қазақ және қырғыз диаспорасы басым болды. Барлығы 200-ден астам адам фильмді тамашалауға келді. Олар туған жерінен жырақта жүрсе де, осы секілді жобалардың арқасында өз еліне қаржылай қолдау білдіре алғандарына риза екенін білдірді.  

Билеттер 15 АҚШ доллары көлемінде сатылған. Жобаның жалғасы ретінде "Анамды іздеймін" кинокартинасы қазақтар мен қырғыздар көп шоғырланған АҚШ-тың өзге қалаларында да қойылу жоспарланған.

Ж. Өрісбай