"Менің көршім Тоторо" анимесінің желісі бойынша тематикалық парк ашылады

"Менің көршім Тоторо" анимесінің желісі бойынша тематикалық парк ашылады
Фото: vk.com

Жапондық Ghibli префектурасында жаңа тематикалық парк құрылысы басталып кетті. Ол "Экспо-2005" көрмесі өткен жерде орналасады. Сол 2005 жылы аталған жерде "Менің көршім Тоторо" анимесінің "Сацуки мен Мэйдің үйі" бөлімі жасалған болатын. Қазіргі таңда режиссер – аниматор Хаяо Миядзакидің ең танымал туындысының басты кейіпкерлері мекен еткен тұрақта парк салу жоспары іске асырылып жатыр.

"Менің көршім Тоторо" 1988 жылы жарыққа шығып, аз уақыт аралығында көпшілік үшін культті туындыға айналып үлгерді. Анименің әлем бойынша танымал болғаны сонша, студия Тотороны өз символына айналдырды. Фильмнің кассалық қоры аса жоғары болмағанымен, кейіпкер бейнесіндегі ойыншықтар үлкен сұранысқа ие болып, жоғары мөлшердегі қаржы алып келді.

Жобаның қандай кейіпте болары әлі жарияланбаса да, оның  2020 жылы ашылатыны белгілі. 

А. Оралқызы