Мэрилин Монроның жекежайы 7 миллион долларға сатылды

Мэрилин Монроның жекежайы 7 миллион долларға сатылды
Фото: vk.com

Мэрилин Монроның жекежайы 7 миллион долларға сатылды. Періштелер мекені – Лос-Анджелестегі Санта-Моника тауларының етегінде орналасқан үйден 1962 жылы актрисаның мәйіті табылған болатын.

Үйдің ауданы — 242 шаршы метр. 1962 жылдан бері жекежайдың иесі бірнеше мәрте ауысты. Үйді 2012 жылы 5 миллион долларға сатып алған адам онда ешқашан тұрмаған. Ал актрисаның мекені үшін 7 миллион долларын қиған адамның есімі белгісіз.

Қазіргі таңда Лос-Анджелес қаласындағы үй Монроның сатылымға қойылған соңғы жылжымайтын мүлкі болып отыр.  Өткен жылы актрисаның Нью-Йорк қаласындағы пәтері де сатылып кетті. Ол да 7 миллион долларға бағаланған еді.

А. Оралқызы