Кинокомикс әлеміндегі ең әдемі әрі батыр қыз

Кинокомикс әлеміндегі ең әдемі әрі батыр қыз
Фото: Freshwallpapers.com

Ол әділдік бар деп санайды. Ол адамдарға сенеді. Ол адамзатты сүйеді. Ол соғысты жек көреді. Ол – Диана.

Кинокомикс әлемінде MARVEL-мен бой таластырып келе жатқан DC компаниясының кезекті фильмі («Wonder woman») нәзік жанды қаһарманның құрметіне бұйырды.

Фильмнің жанры тарихи қаһармандыққа негізделген. Фильмнің режиссері туындының «нәзіктігіне» себеп болған секілді: Пэтти Дженкинс. Басты рөлдерді Галь Гадот, Крис Пайн, Конни Нильсен, Робин Райт, Дэвид Тьюлис сомдайды. Фильм сырт қарағанда Marvel-дің «Алғашқы кек алушы» туындысына ұқсайды.

Бұл – DC-дің Warner Bros. Pictures компаниясымен бірлесіп түсірген  «Болат адам» («Man of Steel»), «Бэтмен Суперменге қарсы» («Batman v Superman: Dawn of Justice»), «Жанкештілер жасағы» («Suicide Squad») фильмдерінен кейінгі туынды. Биыл «Әділеттік одағы» («Justice League») фильмі жарық көреді.

Даудың басы...

Өздері ерекшелеп алған Темискира аралында бейбіт өмір сүрген құдіретті амазонкалар Зевстің сұм ұлы, соғыс құдайы Арестен қорғану үшін үнемі жаттығу жасап, соғыс тактикаларын жетік меңгерген. Олардың арасында ерлігімен, алғырлығымен көзге түсетіні кішкентай Диана болатын.

Белгілі бір себептермен амазонкалар басқа әлемде Азамат соғысы болып жатқанын көреді. Ержүрек Диана жазықсыз қаза тапқан халықтың санын көріп, әлемді құтқару үшін сол әлемге аттанады. Оған себепкер болған жиі әрі «пайдалы» өтірік айта алатын Стив есімді тыңшы. Екеуінің алғашқы кездесуі, біздің әлемге шеккен сапарлары туралы фильмнен толық көре аласыздар. Сол кездегі ішек-сілеңді қатырар күлкілі әңгімелерден езі жия алмайсыз. 

Адам баласының тойымсыздығы, қатігездігі бұл фильмде сырт көзбен анық көрінеді. Жеңіске деген пафостық жігер, шамадан тыс өктемдік көпке апармайды. Бұл фильм сол ұранды көрсететіндей.

Г. Берік