Майк Тайсон "Өте қорқынышты кино 5" картинасына түспек

Майк Тайсон "Өте қорқынышты кино 5" картинасына түспек

Атақты америкалық боксшы, әлемнің экс-чемпионы Майк Тайсон "Өте қорқынышты кино 5" (Очень страшное кино 5) атты картинаға түседі, деп хабарлайды Cinema Blend.

Түсірілім жұмыстары 2012 жылдың қыркүйек айында басталып кеткен пародиялық картинада Тайсон өз-өзін сомдайды делінген. Бұл киноның бесінші бөлімінде кейбір картиналарға (Черный лебедь, Пункт назначения) пародиялық көріністер жасалмақ.

Сонымен бірге, бұл фильмге Чарли Шин мен Линдси Лохан түспек. Бірақ бұрынғы картиналарда басты рөлді сомдаған Анна Фериске (Anna Faris) бұл жолы орын табыла қоймапты. Оның орнына актриса Эшли Тисдейл (Ashley Tisdale) шақырылған. Фильм премьерасы 2013 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, Тайсон бұған дейін де "Балақай 2: Вегастан Бангкокке" фильмінде өз-өзін ойнаған болатын. Оған қоса, ол қазір осы фильмнің үшінші нұсқасына түсуде.          

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: lichnosti.net

Б. Қосмағамбет