"Моана" анимациялық фильмі қазақ тілінде

"Моана" анимациялық фильмі қазақ тілінде
Фото: vk.com

2016 жылы "Болашақ" Корпоративтік қоры қазақ тіліне дубляждаған Дисней студиясының үшінші фильмі "Моана" анимациялық туындысын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл – 2011 жылдан бері дубляждалған 16-шы фильм.

Фильмде Тынық мұхитындағы кішкентай аралда мекен ететін тайпа көсемінің қызы Моананың бастан кешкендері баяндалады. Ол бала кезінен саяхатқа шығып, әлемді шарлауды армандайды. Алайда тайпа заңдары саяхаттауға тыйым салады. Оның себебі тереңде жатыр. Ежелде жартылай Құдай Мауи өмір Құдайы Те Фитидің жүрегін ұрлап кетеді. Соның әсерінен лава Құдайы Те Ка оянып, Жерге жақсылық атаулыны жоюға құмар түнек түседі. Нәубет суға шыққан кемелерді, артынша бүтіндей аралдарды бір бірлеп жоя бастайды. Әжесі Таланың айтуынша, мұның бәрін тоқтату тек Моананың қолынан келеді. Ол Мауиді тауып, мұхитты кесіп өтіп, зұлымдыққа қарсы күресуі тиіс.

Y. Almabek