"Оскар" сыйлығын жеңіп алған қысқаметражды фильм (қазақша субтитрмен)

"Оскар" сыйлығын жеңіп алған қысқаметражды фильм (қазақша субтитрмен)
Фото: 24.hu

Күні кеше "Үздік қысқаметражды фильм" ("Live Action Short Film") санаты бойынша "Оскар" сыйлығын жеңіп алған мажарстандық режиссер Кристоф Дэктің "Ән сал" ("Mindenki") атты туындысын жариялағымыз келіп отыр.

Арнайы сіздер үшін Массагет порталы қазақ тіліне аударған осы қысқаметражды фильмді назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл фильмге Джофи есімді оқушы қыздың хикаясы арқау болған. Жаңа мектепке ауысып, сондағы хордың қатарына қосылған ол бірінші дәрістен кейін хор жетекшісінен біртүрлі өтініш естиді. Ұстаз одан әнді айтпай, тек ауыз жыбырлатып тұруын сұрайды. Бұл жайттан жаны соққы алған Джофи біршама уақыт өткеннен кейін бар сырын құрбысы Лизаға айтуға мәжбүр болады. Олар мәселені бірлесе шешуге бел буып, жақындап қалған ауқымды байқау алдында үлкен жоспар құрады. Оқиға қалай аяқталғанын қазақша субтитрлі видеодан көріңіздер.

Y. Almabek