Никола Тесла мен Марк Твеннің достығы туралы көркем фильм түсіріледі

Никола Тесла мен Марк Твеннің достығы туралы көркем фильм түсіріледі
Фото: www.lifehack.org

CBS Films ұлы ғалым мен дарынды жазушының достығы туралы фильм түсірілетінін хабарлады.

Голливудта Никола Тесла туралы фильмдер көптеп түсіріле бастады. Қазіргі таңда Бенедикт Камбербетчтің қатысуымен түсірілген ғалым туралы "Токтар соғысы" фильмі көпшілікке ұсынылғалы жатыр. Онда Томас Эдисон мен Джордж Вестингауз арасындағы тұрақты  және тұрақсыз токты пайдалануға қатысты текетірес туралы сөз қозғалады. Бұл жанжалда Никола Тесла шешуші рөл атқарған болатын.

Соңғы жаңалықтар бойынша, кино өнерінің майталмандары ғалым мен жазушы арасындағы достық қатынасы туралы бөлек көркем фильм түсіруді қолға алыпты. Кезінде ғалым жазушыны өзінің ғылыми тәжірибелерінің біріне қатысуға шақырған көрінеді. Фильм түсірілімі осы жылы басталмақ. 

А. Оралқызы