"Тараз" фильмі

"Тараз" фильмі
Фото: massaget.kz

Өнердегі жолын әзіл-сықақ қойылымдарынан бастаған Нұртас Адамбайдың үлкен кино әлеміне келгеніне айтарлықтай көп уақыт болған жоқ. Десе де, аз уақытта ол көрермен назарына бірнеше фильм ұсынып үлгерді. "Келинка Сабина", "Келинка Сабина-2", "Побег из аула: Операция махаббат" фильмдері комедия жанрында – көруге жеңіл болса, кезекті "Тараз" атты туындысы режиссерді мүлде басқа қырынан көрсетті. Әзіл мен күлкіні шетке ысырып, әлеуметтік драма тақырыбына ауысқан ол бұл жолы кейіпкерлерінің ащы өмірін ашық бейнелеген туынды жасап шықты.

Фильм тараздық үш достың бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Орталарындағы бірінің қуанышын тойлау үшін клубқа жиналған олар абайсызда адам өліміне себепкер болып, Алматыға қашады. Өздері ғана қашпай, жандарына куәгер қыз бен таксисті де күшпен ертіп алады. Алайда, бәрі мұнымен шешілмейді. Өлген жігіт бір дөкейдің ұлы боп шығады. Ал ол жағызының кегін алу үшін бәріне дайын екенін айтып, қашқындардың артынан баскесерлерін жібереді. Үш түрлі мінез, үш түрлі тағдыр, өмірге деген үш түрлі көзқарас үш дос кезіккен мәселені оңынан шешуге кедергі келтіреді. 

Y. Almabek