"Күлбике" туындысын қазақ тілінде көріңіздер

"Күлбике" туындысын қазақ тілінде көріңіздер
Фото: kinopoisk.ru

Бүкіл әлемге таныс "Күлбике" ертегісі осыған дейін талай мәрте көрермен назарына әртүрлі нұсқада ұсынылған. Десе де уақыт бір орында тұрмайды. Жаңа технологиялар кітапта жазылған ертегі әлемін шынайы етіп көрсету мүмкіндігін жылдан жылға дамытып келеді. Сол себепті де кезінде түсіріліп қойған туындылар қайта қаралып, жаңа нұсқада жарық көріп жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда "Walt Disney Pictures" студиясы да артта қалмады. Олар 2015 жылы "Күлбике" туындысын тағы да түсірді. Ертегінің бұл жолғы нұсқасы ауқымымен, шынайы компьютерлік эффектілерімен ерекше.

Айта кетерлігі, фильм біздің елдегі көрерменге қазақ тілінде жол тартқан болатын. Бес жылдың ішінде ана тілімізге аударылған оныншы туынды көпшіліктің көңілінен шықты.

Y. Almabek