Данияр Саламаттың "Әкем екеуміз" туындысы

Данияр Саламаттың "Әкем екеуміз" туындысы
Фото: kaztube.kz

Киноға қатысты пікірі үнемі ұлттық рухпен ұштасып жататын режиссер Данияр Саламат өзін жарқыратып көрсете бермейді. Содан болар, ол туралы фильм шығарған кезінде не көлемді сұқбат бергенде ғана айтылады. Оның осы күнге дейін жасаған жұмысы аз емес. Керек десеңіз, киносценарийді де жазады, театр драматургиясына арналған еңбектері де бар.

Назарларыңызға дарынды жанның тырнақалды туындыларының бірі "Әкем екеуміз" фильмін ұсынамыз. Бұл фильм әке мен бала қарым-қатынасын баяндайды.

Әйелі басқа еркекке кетіп қалған еңбек пәнінің мұғалімі Кәрім ұлымен бірге қарапайым жатақхананың кішкентай ғана бөлмесінде тұрады. Олардың жағдайлары жұпыны. Соған байланысты, тіл табысуларында да қарама-қайшылықтар орын алып тұрады. Алайда, Кәрімнің ұлы жасына қарамастан – ақылды. Бірақ оған ананың жылы алақаны жетіспейтіні байқалады.

Y. Almabek