Танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанова ұзатылды

Танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанова ұзатылды

Танымал композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаева кеше, Астананың бір мейрамханасында кенже қыздары, Қазақстанның беделді актрисаларының бірі Қарлығаш Мұхамеджанованы қияға қондырды.

Ұзату той жайлы "Твиттерде" Қарлығаштың әріптестері мен достары Санжар Мәдиев, Максим Акбаров, Әнуар Нұрпейісов пен Айдархан Әділбаев твит-репортаж жасап отырды.

Кештің асабалары болып "Базар жоқтың" әртістері Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин тағайындалған. Ал жас жұбайлардың құрметіне Батырхан Шүкенов, танымал пианист Денис Мацуев, Евровидения-2011 қатысушысы Алексей Воробьев өнер көрсетті. Сонымен қатар, қонақтардың арасында Бари Алибасов та бой көрсетті. 



Қарлығаш Мұхамеджанова 29 жаста. 2005 жылы Қазақ ұлттық заң академиясын тәмамдаған. Жұртшылыққа өзінің "Бар әлем аяғыңның астында" (2012), "Жүрегім менің - Астана" (2012), "Мамырдың жеті күні" (2011), "А-ға оралу" (2011), "Ликвидатор" (2011), "Алқызыл қонның оқиғасы"(2010), "Лавэ" (2009) және т.б. фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Суреттер: Твиттер

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina