Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Біздің сүйікті дәрігер

Біздің сүйікті дәрігер

Біздің сүйікті дәрігер

Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген алғашқы кинотуындыларының бірі, «Біздің сүйікті дәрігер», музыкалық комедиясы көрермен қауымды Шара Жиенқұлова, Бибігүл Төлегенова, Серке Қожамқұлов, Ермек Серкебаев сынды қазақ өнерінің майталмандарымен қауыштырды.  

Фильм премьерасы 1958 жылы наурызда Алматы қаласында, ал Бүкілодақтың премьера 1958 жылдың 12 маусымында Мәскеу қаласында өтті.


Қазақстанның шипажайларының бірінде дәрігер Лавров қызмет етеді. Ақ халатты абзал жаннан ем қабылдаған кез келген азамат оның адамгершілігі мен өз ісінің шебері екенін мәңгілік жадында сақтайды.

Дәрігер Лавровтың алпыс жылдық мерейтойының қарсаңында мәдениет қызметкері Бибігүл мен шипажай басшысының хатшысы Ксения Павловна концерттік кеш ұйымдастыруға дайындалады. Бірақ, шипажай басшысы Филькин кешті ұйымдастыру үшін кететін шығынмен келіспей, қаражат беруден бас тартады. Сонда Бибігүл жанына шипажайға демалуға келген суретші Мұрат пен оның әнші досы Тәкенді ертіп, әншілерді кешке қатысуға шақырады. Алайда, әншілер дәл сол кеште басқа жаққа барулары керектігін айтып, шақыруды қабылдамайды. Амалдары таусылған Бибігүл, Тәкен және Мұрат шипажайға келгенде, шақырған қонақтарын көріп, аң-таң болады. Барлық өнерпаздар қандай кешке баратындарын айтпаған соң, ұйымдастырушылар мен кеш қонақтары бір-бірлерін дұрыс түсінбеген екен.


Басты кейіпкер дәрігер Лавровтың рөлін Юрий Померанцев сомдаған болатын. Бұл рөл әртістің төлқұжатына айналды. Ал Бибігүл Төлегенованың әсем даусымен орындалған «Көктем вальсі» әні фильмді әрлей түсті.

«Біздің сүйікті дәрігер» фильмі үшін 1958 жылы Ташкент қаласында өткен Азия мен Африка мемлекеттерінің Халықаралық Кинофестивалінде Шәкен Аймановқа естелік диплом табысталды. Ал 1959 жылы Киев қаласында өткен Бүкілодақтық Кинофестивальде Шәкен Айманов ынталандыру сыйлығын иеленді.

Форумда талқылау

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 25 қаңтар 2012, 12:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.