Қазақстандық фильм "ТЭФИ-Достастық" фестивалінде сыйлыққа ие болды

Қазақстандық фильм "ТЭФИ-Достастық" фестивалінде сыйлыққа ие болды

Астанада екінші халықаралық "ТЭФИ-Достастық" телевизиялық фестивалі аяқталды. Шараны Ресей телевидение академиясы мен ТМД елдерінің мемлекетаралық гуманитарлық серіктестік қоры ұйымдастырды.

Фестивальдің ресми жабылу салтанаты 16 қыркүйек күні еліміздің астанасында өтті. Конкурсқа қатысқан 20 бағдарламаның 10-ы арнайы сыйлықтарға ие болды. Солардың ішінде "Мәдениет" телеарнасының "Операның аңыздары мен мифтері. Күләш Байсейітова", "Әзірбайжан телевидениесі және радиотолқыны" телекомпаниясының "Қош бол және сәлем, Баку", "Украина" телекомпаниясының "Қол келдіңіздер. Иосиф Кабзон" бағдарламалары бар.

Осы орайда Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай: "Үстіміздегі жылда еліміз екі халықаралық миссияны өз мойнына алды - ТМД елдерінің және түркі халықтарының мәдени астанасы болды. Аталған мемлекеттердің телевидение саласындағы кәсіби мамандары бір шаңырақтың астында жиналып, бір-бірімен жақындаса түсті", - деді.

Фестиваль 14-16 қыркүйек аралығында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара аясында қатысушылардың еңбектерінің көрсетілімінен бөлек, бірнеше баспасөз мәслихаты, дөңгелек үстел және мастер-класс өтті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: jourdom.ru