"Трояның" авторы "Мың балаға" керемет картина деп баға берді

"Трояның" авторы "Мың балаға" керемет картина деп баға берді

Алматыға "Еуразия" кинофестивалінің құрметті қонағы ретінде келген неміс режиссері  Вольфганг Петерсен қазақстандық "Жаужүрек мың бала" фильміне "әлемдік прокатқа шығаруға әбден лайық, керемет картина" деп баға берді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Мен бұл фильмді өте сәтті картина деп есептеймін. Қазақстандықтар бұл туындымен мақтануы керек. Қателеспесем Германия фильмді әлемдік прокатқа шығару құқығын сатып алып қойды. Картина шынымен-ақ әлемдік прокатқа әбден лайық", - деді "Трояның" авторы Алматыда өткен баспасөз-конференциясында.

Петерсон, сонымен қатар, бұдан басқа да бірнеше қазақстандық фильмді тамашалап үлгергенін айтты. Өзінің болашақтағы картиналарына қазақстандық актерлардың бірін шақыруы да мүмкін.

"Қазақстандық боксшының айқасын тамашалаған кезде бұл ел туралы көп нәрсе біліп қалдым", - деді Петерсен. - Мен сонда бұл боксшының бүкіл Қазақстанның қуаты екендігін ұқтым. Бұл сіздерге деген құрмет сезімін тудырды".

Режиссер "экономикалық дамыған Қазақстанның басқа дамыған елдер секілді киноиндустриядағы потенциалының да жоғары екендігін айтты".

Петерсон әлемге таралған "Троя", "Посейдон", "Қайық", "Екпінді дауыл", "Аңшының мекені" секілді фильмдердің авторы. Режиссер қазіргі кезде "Әруақтар бригадасы" фильмінің түсіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Массагеттіктерге бұған дейін VIII "Еуразия" кинофестивалінде қазылар алқасының төрағасы қызметін Вольфганг Петерсен атқаратындығын айтқан болатынбыз.

VIII "Еуразия" кинофестивалі үстіміздегі жылдағы қыркүйек айының 17-22 аралығында өтеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kloop.kz