Психоанализге негізделген фильмдер

Психоанализге негізделген фильмдер
Фото: pinterest.com

Бүгін, яғни 10 қазанхалықаралық психикалық денсаулық күні. 1992 жылы дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясы мен әлемдік денсаулық сақтау ұйымы 10 қазанды халықаралық психикалық денсаулық күні деп жариялаған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, қазіргі таңда жер шарындағы халықтың 25 пайызы жан саулығының төмендігінен түрлі жүйке ауыруларына шалдыққан екен.

Адам жанының тереңіне үңіліп, оның түрлі қырлары мен құпияларын ашуға асыққан Зигмунд Фрейд психоанализ ілімінің негізін салған болатын.

Халықаралық психикалық денсаулық күніне орай психологияның осы саласына негізделіп түсірілген фильмдер тізімін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Оқиға желісі мен оның астарын түсіну үшін зор аңғарымпаздық пен ой ұшқырлығын қажет ететін фильмдер сіздерге ұнайды деп сенеміз.

Қарақу

Бұл фильм — ата-аналарға сабақ болатын туынды.
Фильмде балет театрының прима балеринасының өзінің бәсекелесіне деген қатынасы сипатталады. Қойылымдағы негізгі партияға үміткер мен приманың арасындағы текетірес қойылым уақыты жақындаған сайын өрши түседі.

Егіз

Егіздерге қатысты тақырып — өнерде жиі қозғалатын, қызықты құбылыс. Өйткені, адамның санасында толассыз түсініспеушіліктер орын алып, құпия қырларын жариялай бастайды. Достоевский повесінің желісі бойынша түсірілген фильмде де адам жанының қараңғы жағы ашылады...

Түс көру ғылымы

Стефан — өте тұйық әрі ұялшақ жас жігіт. Ол үнемі шын әлемдей қызықты бірақ қорқынышты түстер көреді. Стефан анасының өтінішімен өзінің балалық шағы өткен Франциядағы үйіне қайтып келеді. Анасы оған көңілге қонымды жұмыс тауып беретінін айтады. Алайда, ол жұмыс жүрегіне жақпай, қайта күңірене бастағанда Стефан Зоэ есімді арумен танысады...

Құбыжықтар мекенінде 

Бала анасымен тіл табыса алмай үйінен қашып кетеді. Қаладағы саябақта жүріп сутоғандағы қайыққа көзі түседі. Сол қайықпен жүзіп отырып таң ата бір аралға келіп тоқтайды...

Сана ойындары

Голливуд өзінің жеке мәселелерін жеңе білгендерді ғана мойындайды. Математика ғылымында аса жоғары жетістіктерге жеткен ерекше дарын иесі өзінің досымен уақыт өткізеді. Бірақ, ол галлюцинациядан туындаған кейіпкер екен...

А. Оралқызы