Джеки Чанға «Оскар» сыйлығы беріледі

Джеки Чанға «Оскар» сыйлығы беріледі
Фото: 24smi.org

Танымал қытайлық кино әртісі әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан кинематография саласындағы ерен еңбегі үшін «Оскар» сыйлығын алады" делінген америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының мәлімдемесінде.

Марапаттау рәсімі 12 қараша күні Лос-Анджелесте өтеді. Гонконг тумасымен қатар ескерткіш сыйлықпен деректі фильм шебері Фредерик Уайзман, монтаждаушы Энн Коутс пен әртістерді іріктеу режиссері Линн Сталмастер марапатталады.

Джеки Чан 100-ден астам фильмнің басты рөлін сомдаған. Ол өзінің акробатикалық жекпе-жек стилімен және күлдіргі бейнесімен көпшілікке танымал. 

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы