Америкалық актер Майкл Дункан өмірден өтті

Америкалық актер Майкл Дункан өмірден өтті

«Жасыл миля» кинофильмінде Джон Коффидің рөлімен танылған атақты актер, америкалық жұлдыз Майкл Дункан Лос-Анджелес қаласында дүйсенбі күні таңертең көз жұмды, деп хабарлайды ВСС корпорациясы.

54 жастағы актер 13 шілде күні табан астында пайда болған инфаркт пен жүрегінің соқпай қалуы себебімен емханаға жатқызылған болатын. Құрбысы Омароза Мэниголт тез арада «911» шақырып, жедел түрде реанимацияға жеткізген. Бірақ дәрігерлер де, басқалар да актердің өмірін тек бір айға созғаны болмаса, аман алып қалмады. Жүрегінің мәселесі оған бой берместен, ақыры өмірден алып кетті.

TMZ басылымына сенетін болсақ, құрбысы Омароза актер ауруымен арпалысып жатқанда емхана палатасында жанынан бір елі ажырамаған екен. Ол аз уақытқа сыртқа шығып кеткенде ғана, актер бақилық болып үлгеріпті.

Дункан 1957 жылы Чикаго қаласында дүниеге келген. Актердің ата-анасы кедей тұрмыста өмір кешкен. Сол үшін ол өзінің университеттегі оқуын тастап, қаражат табу үшін жұмыспен айналысуға мәжбүр болды. Өзінің сом тұлғасымен (Бойы 196 см, салмағы 130кг) Майкл Чикагоның белгілі клубтарында жалданып ұрдажық жұмыстар жасап жүрді. Сонымен қатар, Майкл Уилл Смит, Мартин Лоуренс және Джейми Фокс сынды атақты адамдардың оққағары болып та қызмет етті.

Майклдың кино саласындағы алғашқы рөлі – 1998 жылы түсірілген фантастикалық "Армагеддон" кинофильміндегі рөлі еді. Түсірілім кезінде ол «Жасыл миля» фильміндегі Джонның рөлін иемденуге көмектесен  Брюс Уиллиспен танысты. Осы кинофильмдегі рөлі арқылы ол "Оскар" және "Алтын глобус" сыйлықтарын қанжығалады.

Онымен қоса, Дункан «Тоғыз ярд» кинокартинасында , «Маймылдар планетасы» кинофильмінде, «Шаяндар патшалығы» кинофильмінде рөлдерді сәтті сомдап, «Ағайынды қонжықтар» мен «Кунг-Фу Панда» және т.б мультфильмдерді дыбыстады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: newsru.com, golddisk.ru

А. Әбілхан