Маусым айында жарыққа шығатын фильмдер #2

Маусым айында жарыққа шығатын фильмдер #2
Фото: lclub.com.ua

Жаз айы – демалыс маусымы. Бұл уақытты құр жібергісі келмейтін жандар өз қызығушылығына қарай әртүрлі тынығады. Кейбірі әлеуметтік желілерден тыйылса, бірі жаңа кино күтеді. Қызығушылығын соңғы мысалмен байланыстыратын оқырмандар жаздың алғашқы айында кинотеатрлардан мына фильмдерді тамашалай алады.

«Дориді іздеу» (түпнұсқасы: «Finding Dory », орысшасы: «В поисках Дори») АҚШ, 2016 

Режиссері: Эндрю Стэнтон, Энгус МакЛэйн 
Жанры: Анимациялық фильм 
Рөлдерде: Идрис Эльба, Эллен ДеДженерес, Кэйтлин Олсон, Доминик Уэст, Майкл Шин, Дайан Китон, Эд О’Нил, Тай Бурелл, Альберт Брукс, Юджин Леви 

Дори – жанындағыларға қуаныш тілеп жүретін дәрігер балық. Өзі дәрігер бола тұра, есте сақтау қабілеті нашар. Нашар емес, тіптен ұмытып қалады. Сол себепті, өз отбасынан адасып қалған. Өткенді еске түсіріп, туғандарын қалайда табу үшін барын салады. Бұл кезекте мультфильм әлеміндегі сүйкімді балық Нэмо көмекке келмек. Отбасымен бірге көруге болатын анимациялық фильмнің қазақстандық премьерасы 16 маусымда  өтеді. 

«Дуа 2» (түпнұсқасы: «The Conjuring 2: The Enfield Poltergeist», орысшасы: «Заклятие 2») АҚШ, 2016 

Режиссері: Джеймс Ван 
Жанры: қорқынышты фильм 
Рөлдерде: Патрик Уилсон, Вера Фармига, Фрэнсис О’Коннор, Саймон МакБерни, Мария Дойл Кеннеди, Стерлинг Джеринс, Хавьер Ботет, Робин Аткин Даунс, Мэдисон Вульф, Шэннон Кук-Чун 

Ерлі-зайыпты жұп өз шаруаларымен Энфильд қаласына жолы түседі. Көріпкел жұп осы өңірдегі қара зұлымның көзін жою үшін күреседі. Үрейге толы бұл фильм де маусымның 16-сы күні жарыққа шықпақ.

«Батыл жігіттер» (түпнұсқасы: «The Nice Guys», орысшасы: «Славные парни») АҚШ, Ұлыбритания, 2016 

Режиссері: Шейн Блэк 
Жанры: Триллер 
Рөлдерде: Райан Гослинг, Ким Бейсингер, Рассел Кроу, Мэтт Бомер, Йайа ДаКоста, Тай Симпкинс, Кит Дэвид, Маргарет Куэлли, Рэйчел Брук Смит, Ивонн Зима 

16 маусыда көрсетілетін бұл фильм Джексон Хили есімді жалданбалы құтқарушы Холланд Марч есімді жеке детектив туралы. Оларға үлкен тапсырма жүктеледі. Еш жазығы жоқ қызды іздеу оларға қиынға соғады. Сөйтсе, бұл қыздың артында ғасыр қылмысы жасырылған екен. 

«Тәуелсіздік күні: Жаңару» (түпнұсқасы: «Independence Day: Resurgence», орысшасы: «День независимости: Возрождение») АҚШ, 2016 

Режиссері: Роланд Эммерих 
Жанры: Фантастика 
Рөлдерде: Лиам Хемсворт, Джои Кинг, Майка Монро, Вивика А. Фокс, Уильям Фихтнер, Шарлотта Генсбур, Билл Пуллман, Джефф Голдблюм, Анджела Бейби, Села Уорд 

Бұл фильмнің алғашқы бөлімі 1996 жылы Уилл Смиттің қатысуымен түсірілген. Фильмнің екініші бөлімі араға тура жиырма жыл салып, жарыққа шығады. Жер шары тұрғындары өз ғаламшарын құтқару үшін өзге ғаламшарлық технологияны қолданып арнайы бағдарлама құрастырады. Ал өзге ғаламшарлықтар адамзат баласының жасаған дүниесінен де күштірек болуы мүмкін бе? Бұл сұрақтың жауабы 23 маусымда белгілі болады. 

«Пеле: Аңыздың тууы» (түпнұсқасы: «Pelé: Birth of a Legend», орысшасы: «Пеле: Рождение легенды») АҚШ, 2016 

Режиссері: Джефф Цимбалист, Майкл Цимбалист 
Жанры: Драма 
Рөлдерде: Винсент Д’Онофрио, Родриго Санторо, Диего Бонета, Колм Мини, Тоня Корнелисс, Сеу Жоржи, Kevin de Paula, Свен Холмберг, Андре Маттос, Сет Майклс 

23 маусымда жарыққа шығатын бұл фильм футбол сүйер қауым үшін үлкен қуаныш болмақ. Себебі, футбол тарихындағы аңыз адам Пеле туралы түсірілген фильм футболшының өмірі, футбол алаңына келуі, тарихи тұлғаға айналуы туралы. Футбол аңызының өмірі кино әлемінде қалай бейнеленер екен? 

«Көршілер 2» (түпнұсқасы: «Neighbors 2: Sorority Rising», орысшасы: «Соседи. На тропе войны 2») АҚШ, 2016 

Режиссері: Николас Столлер 
Жанры: Комедия 
Рөлдерде: Хлоя Грейс Морец, Зак Эфрон, Роуз Бирн, Селена Гомес, Дэйв Франко, Айк Баринхолц, Сет Роген, Лиза Кудроу, Кирси Клемонс, Карла Галло 

Өткен жолы бұл жұп студент жігіттермен көршілес болған еді. Олардың арасындағы келіспеушілік үлкен шайқасқа айналған болатын. Ал бұл жолы көзайым болып, қыздар жатақханасымен көршілес болды. Бұрынғы жігіттерден құтылғандарына қуанған олар жағдайдың басқаша боларын біліп пе еді? Себебі, қыздар олар ойлағандай емес екен. Фильм 23 маусымда жарыққа шығады. 

«Трансформерлер 5» (түпнұсқасы: «Transformers 5», орысшасы: «Трансформеры 5») АҚШ, 2016 

Режиссері: Майкл Бэй 
Жанры: Фантастика 
Рөлдерде: Марк Уолберг, Стэнли Туччи, Изабела Монер, Стивен Мерчант, Жан Дюжарден, Питер Каллен 

Фильмді түсірушілер Трансформердің 5-бөлімі өзгелерден ерекше болады деп сендіреді. Себебі, бұл жолы адамдар мен роботтар өзге ғаламшарлық роботтар – автоботтармен және десиптекондармен шайқасады. Бұл жолғы трансформерлердің қандай ерекшеліктерге ие болатынын 23 маусымда біле аласыздар. 

Г. Берік