Маусым айында жарыққа шығатын фильмдер

Маусым айында жарыққа шығатын фильмдер
Фото: youtube.com

Жаз айы – демалыс маусымы. Бұл уақытты құр жібергісі келмейтін жандар өз қызығушылығына қарай әртүрлі тынығады. Кейбірі әлеуметтік желілерден тыйылса, бірі жаңа кино күтеді. Қызығушылығын соңғы мысалмен байланыстыратын оқырмандар жаздың алғашқы айында кинотеатрлардан мына фильмдерді тамашалай алады.

«БайБайМэн» (түпнұсқасы: «Тhe Bye Bye Man», орысшасы: «БайБайМэн») АҚШ, 2016 

Режиссері: Стэйси Тайтл 
Жанры: қорқынышты
Рөлдерде: Дуглас Смит, Люсьен Лависконт, Крессида Бонас, Даг Джонс, Майкл Трукко, Фэй Данауэй, Эрика Тремблэй, Клео Кинг, Мариса Эчеверриа, Дженна Кэнелл 

Колледждің үш студенті «БайБайМэн» атты қорқыныш иесімен кезігеді. Аңыз кейіпкерінің көзін жойып, одан аман қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Қорқыныш иесі оның есімін білген адамға тыныштық бермейді. Бұл фильм Қазақстан кинотеатрларында 2 маусымнан бастап көрсетіледі.

«Менің жігітім – киллер»  (түпнұсқасы: «Mr. Right», орысшасы: «Мой парень – киллер») АҚШ, 2015 

Режиссері: Пако Кабесас 
Жанры: Шайқас
Рөлдерде: Анна Кендрик, Тим Рот, Энсон Маунт, Сэм Рокуэлл, Джеймс Рэнсон, Майкл Эклунд, RZA, Луис Да Силва мл., Елена Санчес, Кэти Нехра 

Анна Кендрик бұл жолы махаббатта жолы болмаған әйелдің рөлінде ойнайды. Өз таңдауындағы жігітке кезіксе қатты қуанары сөзсіз. Ал талғамындағы жігіт кездессе ше? Бірақ, одан айрылып қалмау керек. Бұл фильм де 2 маусымнан бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

«Аңшылық маусымы 5» (түпнұсқасы: «Open Season: Scared Silly», орысшасы: «Сезон Охоты: Байки из леса») АҚШ, 2015 

Режиссері: Дэвид Фейсс 
Жанры: Анимациялық фильм 
Рөлдерде: Уилльям Таунсенд, Мелисса Штурм, Тревор Дивэлл, Гари Чок, Брайан Драммонд, Кэтлин Барр, Шеннон Чан-Кент, Мишель Мурдокка, Питер Келамис, Мэттью В.Тейлор 

Бұл жолы Эллиот есімді киік пен оның достары Буга атты аюдың қорқынышымен күресуді мақсат етеді. Яғни, сол сәттен бастап қорқыныш аулау маусымы ашық деп жарияланады. Үлкен аюдың қорқақтығына намыстанған киік қандай айла табар екен? Мультфильм маусымның екінші жұлдызынан бастап көрермендерге жол тартады.

«Қаржы құбыжығы» (түпнұсқасы: «Money Monster », орысшасы: «Финансовый монстр») АҚШ, 2016 

Режиссері: Джоди Фостер 
Жанры: Триллер 
Рөлдерде: Джулия Робертс, Джордж Клуни, Джек О’Коннелл, Доминик Уэст, Катрина Балф, Джанкарло Эспозито, Эмили Мид, Али Ман, Оливия Луккарди, Кристофер Бауэр 

Фильмнің сюжеті Ли Гейтс есімді танымал тележүргізушінің кеңестері бойынша өрбиді. Қаржы саласындағы оның білімділігі Уолл-Стриттегі танымалдығын арттырады. Фильм маусымның екінші жұлдызынан бастап көрермендерге жол тартады.

«Ниндзя-тасбақалар 2» (түпнұсқасы: «Teenage Mutant Ninja Turtles 2», орысшасы: «Черепашки-ниндзя 2») АҚШ, 2016 

Режиссері: Дэйв Грин 
Жанры: шайқас
Рөлдерде: Алан Ричсон, Меган Фокс, Стивен Амелл, Лора Линни, Уильям Фихтнер, Алессандра Амброзио, Брайан Ти, Уилл Арнетт, Ноэль Фишер, Тайлер Перри

Маусымның 2-ші жұлдызында көрсетілетін фильм алдыңғы бөлімдегі мақсатын жоғалтпаған. Зұлымдықпен күресіп, адамзаттың өмірін сақтауға шайқастан қашпайтын батыр тасбақалар туралы комикс кино әлемінде тағы да сыналмақшы.

«Үлкен серпін» (түпнұсқасы: «A Bigger Splash», орысшасы: «Большой всплеск») Италия, Франция, 2015 

Режиссері: Лука Гуаданьино 
Жанры: Криминалды драма 
Рөлдерде: Дакота Джонсон, Рэйф Файнс, Тильда Суинтон, Маттиас Шонартс, Аврора Клеман, Lily McMenamy, Коррадо Гуццанти, Елена Буччи 

Оқиға ерлі-зайыпты арасында өтеді. Танымал рок жұлдызы Мариам мен Пол есімді кинорежиссёр Гарри  атты бұрынғы танысымен және оның қызы Пенелопамен кезігіп қалады. Барлық оқиға осы кездесуден кейін басталады. Фильм 9 маусымнан бастап көрермендерге жол тартады.

«Алдау елесі 2» (түпнұсқасы: «Now You See Me 2 », орысшасы: «Иллюзия обмана 2») АҚШ, 2016 

Режиссері: Джон М.Чу 
Жанры: шайқас 
Рөлдерде: Лиззи Каплан, Дэниэл Рэдклифф, Дэйв Франко, Марк Руффало, Вуди Харрельсон, Джесси Айзенберг, Майкл Кейн, Санаа Лэтэн, Джей Чоу, Дэвид Джорджиу 

Бұл жолы сиқыршылар тағы да көремендерін таңғалдырады. Сөзді арбап, сезімді жаулап алатын сиқыр өнерінің ерекше түрлерін де осы фильмге арқау етеді. Бұл фильм де алдыңғы фильммен қатар көрсетіледі.

Жалғасы бар...

Г. Берік