Джолли мен Питтің төрт жасар қызы киноға түспек

Джолли мен Питтің төрт жасар қызы киноға түспек

Анджелина Джоли мен Брэд Питтің төрт жастағы Вивьен Маршелин атты қызы «Малефисент» кинофильмінде Аврора ханшайымның рөлін сомдамақ, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.

"Малефисент" – басты рөлді Анджелина Джоли сомдайтын Ұйқыдағы Сұлу жөніндегі ертегінің жаңа нұсқасы. Актрисаның өзі қызын Аврора ханшайымның орнында көргісі келіп, ұсыныс жасаған екен. Анджелина қызы Вивьенннің бұл рөлді сәтті алып шығатынына және түсірілім тобын шаршатпайтынына кәміл сеніп отыр екен.

«Энджи бұл жөнінде қызы мен анасының бір кинода ойнағанын құп көріп әрі Вивьенге де тәжірбие болар деп ойлады», - дейді басылым қызметкері. Түсірілім Лондонда өтеді, ал премьера 2014 жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Әйткенмен кей басылымдар фильм көгілдір экранға 2013 жылдың жаз мезгілінде-ақ шығып қоятынын растап отыр. Фильмде, сонымен қатар, Аврора ханшайымның бойжеткен шағын Эль Фэннинг ойнайды. Ал қалған рөлдерде Джоуно Темпл, Сэм Райли және басқа да актерлер ойнамақ.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт алты бала өсіріп отыр. Болашақ ханшайым Вивьеннің егіз інілері бар.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wday.ru, starlook.ru

А. Әбілхан