Әлемдегі ең ұзақ 5 фильм

Әлемдегі ең ұзақ 5 фильм
Фото: anamedia.az

Кино кейде қызықты, кейде ойлы, ал кейде өте ұзақ болады. Бүгінгі материалда әлемдегі ең ұзақ фильмдерді ұсынамыз. 

5. "Әлемдегі ең ұзақ және мағынасыз фильм"
"The Longest Most Meaningless Movie in the World" (Әлемдегі ең ұзақ және мағынасыз фильм) ағылшын фильмнің тартымсыз атауы сол сәтте, яғни 1968 жылы атына заты сай болды. Себебі одан кейінгі шыққан кинематография туындылары "Әлемдегі ең ұзақ және мағынасыз фильм" рекордын басып түсті.

Фильм үшін арнайы түсірілім болмаған. Кинотаспаның сюжеті жоқ, ол жарнамалық роликтерден және әлі прокатқа шықпаған басқа фильмдердің үзінділерінен құралған. Кей жерлерінде бір ролик бірнеше рет қайталанып, ал кейде сурет керісінше айналып кетеді немесе әрекет арттан алға қарай қозғалады. Егер "көркемөнер" сынын көтеремін деп шешсеңіз, 48 сағат бос уақытыңызды дайындап қойыңыз. 

4. "Ұйқысыздық дәрісі"
Бұл фильмнің де сюжеті жоқ. Фильм үш жарым тәулікке созылған. Фильмнің басынан аяғына дейін актер Ли Гробан көрермендерге өзінің 48-беттік "Ұйқысыздық дәрісі" атты поэмасын оқып береді. Ұйқысыздықтан арылтатын терапиядан көрермен міндетті түрде ұйықтап қалар еді. Алайда фильмнің арасында хеви метал (рок музыка саласы) жанрындағы видеобейнелер ойналады. Таспаны 1987 жылы режиссер Генри Тиммисом түсірген. 

3. "Матрешка"
2006 жылы түсірілген деректі неміс фильмінің режиссері – Карин Хёрлер. "Матрешка" фильмінің дыбысы жоқ. Бұл фильмде суреттер кезекпен айналып тұрады. Ол жерде велосипед теуіп жүрген бала, көшелер, үйлер, көлікжай және аспан көрсетілген. Фильм 95 сағатқа созылады.

2. "Синематон"
Француз режиссері Жерар Куранттың 192 сағаттық фильмі шамамен 35 жыл (1978 жылдан 2015 жылға дейін) түсірілген. Ол атақтылар (суретшілер, ақындар, журналисттер, режиссердің достары және т.б.) бейнеленген, дыбыссыз 2880 ою суреттен (виньетка) құралған. Әркім өзіне бөлінген уақытта кадрға не істесе де өзі біледі. 

1. Modern Times Forever (Мәңгілік осы шақ)
Бұл фильм 240 сағат жүреді. Ол қазір әлем бойынша ең ұзақ фильмдердің тізімінде бірінші орынды иеленді. 2011 жылы Superflex дат арт-тобы түсірген. Басқалары секілді бұл фильмде де сюжет болмағанмен, қандай да бір мағынаны түсінуге болады. Таспа фин-шведтік орман өндірістік компаниясының штаб-пәтерін көрсетеді. Соның жартылай бұзылғанға дейінгі жағдайын және уақыт өте адамзаттың жоғалуын көрсетеді. 

А. Жапатова