"Сәттілік джентльмендерінің" ремейкінде қазақстандық актер өнер көрсетеді

"Сәттілік джентльмендерінің" ремейкінде қазақстандық актер өнер көрсетеді

Қазақстандың актер Төлепберген Байсақалов "Сәттілік джентльмендері" ("Джентльмены удачи") фильмінің ремейкіне түсті.

Байсақалов картинада профессордың рөлінде ойнады. Бұл образды фильмнің түпнұсқасында Эраст Гарин сомдаған еді. Қазақстандық актердың алғашында Василий Алибабаевтың рөлінде ойнайды деп жоспарланғандығын айта кетелік.

Александр Барановтың жаңа фильмінің сюжеті бойынша, Ресейде Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатады. Осы шараның аясында көрермендердің назарына "Алтын адам" ұсынылады. Көрме кезінде бұл артефакт қолды болып ұрланып кетеді. Картинада Гаврил Петровичтің рөлінде Гоша Куценко ойнамақ. Ал Доцент және балалар бақшасының тәрбиешісінің образын Сергей Безруков сомдайды.

Қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов фильм түсірілімі туралы: "Сергей өте жақсы адам, әрі дарынды актер. Сюжет бойынша, мен Безруковтың персонажын ойын-сауық орталығында ұстап алуым керек. Осы кезде менің қолымда ауыр сөмке бар еді. Мен сол сөмкені қатты сілтеп қалғанда оның ұшы актердің көзін ойып жіберуге сәл қалды. Сергей маған ешқандай ашуланып, қапа болған жоқ. Жай ғана түсіру алаңында бұдан да қауіпті оқиғалар орын алып жататындығын айтып күлді", - деп сұхбат берді.

Естеріңізге сала кетелік, Байсақалов бұған дейін "Бәйшешек" фильмінде өнер көрсетіп, Тимур Бекмамбетовтың "Шыршалар" (Елки) фильмінде эпизодтық рөлде ойнаған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ruskino.ru