Голливуд режиссері Тони Скотт көпірден секіріп өзін-өзі өлтірді

Голливуд режиссері Тони Скотт көпірден секіріп өзін-өзі өлтірді

«Top Gun» және «Қып-қызыл құбылыс» сынды атақты кинофильмдердің режиссері Лос-Анджелес айлағындағы көпірден секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Reuters қала коронеріне сілтеме жасай отырып.

68 жасқа енді толған Скотты жексенбі күні жүк автокөлігі көпірде тұрғанынын, содан соң жергілікті уақыт бойынша 12.30-дар шамасында төменге секіргенін көріпті. Ал режиссердің жансыз денесі айлақтан тек үш сағаттан кейін ғана табылған. Бұл жөнінде қала коронері кеңсесінің лейтенанты Джо Бейл хабарлаған. Оның айтуынша, бұл оқиғаны өзін-өзі өлтіру емес деп айтуға еш негіз жоқ. Сонда да бұл іс әлі де қаралып жатыр екен.

Тони Скотт 1944 жылдың маусым айында Ұлыбританияның Норт-Шилдс қаласында дүниге келген. Атақты режиссер Ридли Скоттың інісі Тони 1958 жылы ағасының қысқаметражды «Велосипедтегі  бала» кинофильміне түскен. Тони Сандерланд көркемөнер мектебінде сурет сыныбын тәмамдаған. Содан соң Лидседегі көркемөнер колледжін және корольдық өнер колледжін кино саласы бойынша аяқтады. Сурет саласындағы сәтсіздігінен кейін ол өзін кинодан байқап көргісі келіп, аздап жарнамалық роликтер түсуруді бастаған. Өз ағасы Ридл Скоттың RSA ("Ridley Scott Associates") атты фирмасында әрі режиссер, әрі  жарнамалық серіктес қызметтерін қатар атқарып жүрді. 1969 жылы «Жоғалғандардың біреуі» атты өзінің жалғыз қысқаметражды кинофильмін түсіріп, үші жылдан кейін телевизиялық  «Жарқын естеліктер» атты лентасының тұсауын кесті. Ал кинодағы үлкен жолға 1983 жылы келді. Сол жылы ол «Аштық» деп аталатын діни киноның  режиссері болды. Кино өте сәтті шығып, Тони Голливуд аспанында жаңа жұлдыз болып таныла бастады. Содан бері ол көптеген киноларды жетектеп, режиссерлік етуден алдына жан салмай еңбек етті. 1986 жылы голливудтық продюсерлер Дон Симпсон мен Джерри Брукхаймерлерден Тони басты рөлде Том Круз ойнайтын «Үздік атқыш» кинофильміне режиссер болуға шақырту алды. Сол жылдары түсірілген «Нағыз махаббат» кинофильмі Тонидың өзінің ғана жеке еңбегінен туған жұмысы еді. 1987 жылы «Беверли-Хиллзтен келген полицей 2» кинофильмін, 1990 жылы «Күн күркіреген күндер» көркемфильмін, 1991 жылы «Соңғы бойскаут» сынды фильмдерін киносаласына қосып жатты. Өзінің ағасымен бірге ол "Scott Free" кинокомпаниясының серіктестігіне және 1995 жылы лондондық  "Shepperton Studios"компаниясына қатар қожалық етті.

Міне, осы уақытқа шейін Голливудтың ғана емес әлем киносына ауыз толтырып айтарлық үлес қосып, өнер саласына еңбегін аямаған жан болмашы бір көпірден өзін-өзі тастағанына да көңіліміз сенер емес. Аты мен сарқылмас мұрасын артқа тастап, тағы бір жұлдыз ағып түсті...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: epdaily.tv, skymovies.sky.com

А. Әбілхан