Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Бэтмен Суперменге қарсы» фильмі 5 күннің ішінде 425 млн. доллар жинады

«Бэтмен Суперменге қарсы» фильмі 5 күннің ішінде 425 млн. доллар жинады

«Бэтмен Суперменге қарсы» фильмі 5 күннің ішінде 425 млн. доллар жинады

«Бэтмен Суперменге қарсы: «Әділдік таңсәрісінде» фильмінің кассалық жиынтығы бүкіл әлемдегі прокатының бес күні ішінде жалпы 424 миллион доллар қаржы жинады, − деп хабарлады Би-би-си.

Сыншылардың ащы пікірлеріне қарамастан, фильм АҚШ-та 170,1 млн. доллар, Британияда 15,5 млн. доллар жинады. Екеуі де ағымдағы наурыз айындағы рекордтық көрсеткіш болып есептеледі. Картина әлем бойынша 40 мың экранға, соның ішінде АҚШ-та 4,2 мың, Британияда 1,7 мың және Қытайда 16 мың кинотеатрда көрсетіліп жатыр.

Зак Снайдердің фильмі алғаш рет бір фильмде бастары қосылған екі суперкейіпкер комиксіне негізделген. Картинаны түсірген Warner Bros компаниясының өкілі Джефф Голдстейн киносыншылардың тас-талқан еткен мақалаларына қарамастан көрермендер фильмге деген өзінің көзқарасын білдіріп, «доллармен дауыс берді», деп мәлімдеді. 

Дереккөз: kazinform.kz 

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: www.youtube.com
Қосылған күні: 28 наурыз 2016, 09:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.