"Дэдпул" фильмі туралы қызықты фактілер

"Дэдпул" фильмі туралы қызықты фактілер
Фото: www.youtube.com

Марвел әлемінің ең ақымақ кейіпкерлерінің бірі Дэдпулдің жеке фильмі шықты. Соған орай сіздерге арнап фильм жайында қызықты фактілер ұсынамыз.

1. Фильм режиссері Дэдпул жай ғана бір фильмнің кейіпкері екенін мойындайды. Ол кей кездері тіпті кинотеатрдағы адамдармен тікелей сөйлесіп кетеді.

2. Бұл фильмде Икс-адамдар жайлы басқа фильмдер көп еске алынады деп мәлімденді. Әсіресе Дэдпулдің алғаш пайда болған "Икс Адамдар: Тұңғыш қадам. Құну" фильміндегі оқиғалар еске алынады.

3. Фильм авторлары титрлерден кейін көрерменді ғажап кадр күтіп тұр. 

4. Фильм сценарийіне Дэдпулді сомдайтын актер Райан Рейнольдс те араласқан.

5. Фильм бар болғаны 48 күннің ішінде түсірілген.

6. Алғашында Дэдпул костьюмінің қолына жасанды бұлшық еттер орнатпақ болған. Алайда шымыр денелі Райан Рейнольдс оны қажет етпеді.

7. Рейнольдстің бетіне грим жасау үшін бір күннің төрт сағаты кетіпті.

8. Фильмде 600-ден астам кадр арнайы эффектілермен жабдықталған.

9. Фильм Икс-Адамдар хронологиясына енеді. 

10. Фильмдегі әуендер  ХХ ғасырдың соңындағы хит әндер. Бұл "Галактика Сақшылары" фильміндегі классика әндердің жетістігін қайталмақ ниетте жасалған.

11. Авторлар фильмде мутанттардан басқа көптеген сілтемелер болатынына уәде берді.

12. Авторлар фильмде Колосстың рөлі ерекше болатынын мәлімдеді. Тіпті фильмнен кейін жанкүйерлер ол туралы жеке фильмді талап етуі мүмкін дейді. 

13. Комикстерде Дэдпулдің бойы 232 сантиметр болған. Оған сәйкес болу үшін Рейнольдс түсірілім алаңында биік аяқ киіммен жүрген.

14. Фильмнің 91%-ы арнайы түсірілім алаңында емес, ашық далада түсірілген.

15. Көптеген қауіпті трюктердің кейбірін Райан өзі орындаған. Оның бар жоғы үш дублері болған.

16. "Дэдпул" 2016 жылдың ең үздік фильмдерінің бірі болады!

blogtime.kz

@. @assel_assanova