Аль Пачино ақылға қонымсыз әрекеттерімен жұртты таңғалдырды

Аль Пачино ақылға қонымсыз әрекеттерімен жұртты таңғалдырды
Фото: tengrinews

"Оскар" сыйлығының иегері, актер Аль Пачино өзінің ақылға қонымсыз әрекеттерімен жұртты таңғалдырды, − деп хабарлайды Super.

Бұл жолы 75 жастағы актер Бродвейдегі дайындығынан кейін Нью-Йоркті аралауға шықты. Қарапайым киініп алған әлемдік жұлдызды көшедегілер танымай қалды.

"Ол қаңғыбастар сияқты киініп алған. Біз оның Аль Пачино екеніне сенбедік. Ол өзін басқаша ұстады, жол бойымен жүгіріп, есінен ауысқан адам сияқты сөйлеп бара жатты", − деді куәгерлердің бірі.
 

Дереккөз: tengrinews 
С. Ерсін