100 жылдан кейін ғана көруге болатын фильм түсірілді

100 жылдан кейін ғана көруге болатын фильм түсірілді
Фото: tengrinews

Режиссер Роберт Родригес пен актер Джон Малкович 100 жылдан кейін ғана көруге болатын фильм түсірді, − деп хабарлайды Variety басылымы.

Басылымның мәліметінше, бұл фильмді 2115 жылы 18 қарашада көруге болады. Олар оны арнайы капсулаға салып, Франциядағы Людовик XIII-нің үйіндегі қоймаға сақтап қойған. Жобаға Louis XIII бренді тапсырыс берген.

"Лента сюжетінің егжей-тегжейі жарияланған жоқ, бірақ онда болашақ туралы жасалған түрлі болжамдардың баяндалатыны белгілі. Фильмді түсірушілер YouTube желісіне оның үш тизерін жариялады", − делінген жарияланымда.

Айта кетейік, фильммен бірге металл билеттер шығарылды. Оған қол жеткізген адамдардың ұрпақтары кейін сол фильмді көре алады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін