Шварценеггер үнді фильміне түседі

Шварценеггер үнді фильміне түседі
Фото: 24.kz

Голливуд жұлдызы Арнольд Шварценеггер Болливуд фильміне түсетін болды. «Темір» Арни танымал режиссер Шанкардың «Робот 2» атты атыс-шабысқа толы картинасындағы рольді ойнайды.

Аустрия елінің атақты тумасы Үндістандағы еңбегі үшін айына $15 миллион алады. Бұл шығынның өтелеріне продюсерлер мен режиссер толық сенімді. Себебі Шварценеггер үнді халқының сүйікті әртістерінің бірі болып табылады. Жалпы  «Робот» фильмінің жалғасын түсіруге қатысатын актер ретінде Хью Джекманның да аты аталған. Бірақ, режиссерлер «оны елімізде тек жастар жағы ғана таниды» деп, Шварценеггердің кандидатурасын жөн көріпті. Арнольдтің өзіне келер болсақ, Терминаторға Үндістанның кинематографы ұнайды екен. Әртіс үнді жеріне келесі айда келіп, түсірілімге кіріседі.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы