"Сәбина келін" халықаралық кинофестивальде бас жүлде алды

"Сәбина келін" халықаралық кинофестивальде бас жүлде алды
Фото: tn.kz

"Сәбина келін" фильмі Индонезияда өткен халықаралық International Film Festival for Documentary, Short and Comedy Films кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбаевтың дебюттік фильмі "үздік шеберлігімен" (Outstanding Excellence Award) ерекшеленді. Айта кетейік, кинофестиваль қысқа метражды, деректі және комедиялық фильмдерге арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Сәбина келін" инновациялық формасымен ерекшеленді.

Кинофестивальге қатысуға 1200 өтініш келіп түскен. Олардың 20-сы ғана сыйлыққа ие болды. "Бастапқыда көркем фильмдер категориясын алған жоқпыз, бірақ "Сабина келінге" мүмкіндік бердік. Бұл шешім біздің бұған дейін осыған ұқсас фильмдерді көрмегенімізбен байланысты болды - көркем, күлкілі, сонымен қатар, әйелдердің қоғамдағы құқығын қозғаған, шыншыл фильм. Бұл біз үшін үлкен жаңалық болды. Біз үлкен мәселені жеңіл комедия арқылы айтуға болатынын көрдік, ол арқылы қоғамдағы зор өзгерістерге ықпал етуге болады. Кинофестиваль басталғалы бері бірінші рет бас жүлдені көркем фильмге бердік", - деді ұйымдастырушылар.

Айта кетелік, "Сәбина келін" фильмі АҚШ, Қытай, Румыния және Жаңа Зеландиядағы халықаралық кинофестивальдердің де конкурстық бағдарламасына енді.

М. Бисембаева