"007: Спектр" фильмінің қазақ тіліндегі трейлері шықты

"007: Спектр" фильмінің қазақ тіліндегі трейлері шықты
Фото: youtube

"007: Спектр" бондианасының жаңа сериалының қазақ тіліндегі трейлері шықты

Ағылшын агенті Джеймс Бонд туралы фильмнің 24-ші сериясы — 2011 жылдан бері қазақ тіліне дубляждалған 12-ші кинокартина әрі 2015 жылдың 3-ші кинопремьерасы. Сэм Мендес екінші рет режиссер болып отыр. Бондтың рөлінде осымен төртінші мәрте Дэниел Крэйг ойнайды. Қазақша нұсқасында оның даусын актер Ержан Жарылқасынов салды. Сонымен қатар дубляжға Азамат Қанапия (Франц), Күнсұлу Шаяхметова (Люсия Скьяра), Самат Қордабаев (Танер) қатысты. Дубляж режиссері осыған дейін "Малефисента", "Человек-паук" және "Золушка" сияқты голливудтық картиналармен жұмыс істеген. 

007 агентінің оқиғалары жайлы осыған дейінгі соңғы сериясы "Скайфолл координаттары" деп аталды. Ол бір жыл бұрын шыққан еді. Бұл фильм Бонд туралы картиналардың ішінде ең сәттісі болып, әлем бойынша 1,1 миллиард доллар табыс тапқан. 

Дереккөз:tengrinews

С. Ерсін