«Оскар» жүлдесінен құр қалғандар

Жыл сайын Леонардо Ди Каприо түскен жаңа фильм шыққан кезде, көрермендер осы рөлі үшін «Оскар» жүлдесіне ие болатын шығар деп үміттенеді. Өкінішке орай, үміттері ақталмайды. «Оскар» - кино саласындағы ең үздік жүлделердің бірі. Оны ала алмай жүрген актерлер көп. 

Том Круз «Оскар» жүлдесіне 1990 жылы «Төртінші шілдеде дүниеге келген», 1997 жылы «Джерри Магуайер», 2000 жылы «Магнолия» картиналары үшін 3 мәрте ұсынылады.

Джонни Деп «Кариб теңізінің қарақшылары: «Қара маржанның қарғысы», «Таңғажайып мемлекет», «Флит-стриттен шыққан Суини Тодд» фильмдері үшін ұсынылады.

Джим Керри «Оскар» жүлдесіне мүлдем ұсынылмаған.

Брэд Пит «12 маймыл», «Бенджамин Баттонның сырлы оқиғалары», «Бәрін өзгерткен адам» картиналарындағы рөлі үшін ұсынылған.

Леонардо Ди Каприо «Оскар» жүлдесінен 5 рет құрқалған.