Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Кітап" киносы түсірілуде

"Кітап" киносы түсірілуде

Қазақ киносы тағы бір шығармамен толығады. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясында жаңа фильмнің түсірілімі өтуде. Жас режиссер Ербол Жұмағұлов көзі қарақты көрермен назарына «Кітап» атты алғашқы кино туындысын ұсынбақшы.

«Кітап» фильмі мен режиссердің өмірі тығыз байланысты. Ербол Жұмағұлов кітапсыз өз өмірін елестете алмайды. Қолынан кітап түспейтін жан өзі де қалам тербетіп, кітап шығарған. Ендігі кезекте кітапты арқау етіп, фильм түсіруде. Алайда, фильм жай кітап туралы емес. Құран-Кәрім сияқты алып кітап жайлы. Есесіне фильмде дін, рух, сенім туралы сөз қозғалмақ.

Юлия Зимина

Фильмде басты рөлдерді белгілі Ресей актрисасы әрі тележүргізушісі Юлия Зимина мен отандық кино мен театр жұлдызы Берік Айтжанов сомдайды.

Оқиға желісі бойынша Берік Айтжановтың кейіпкері Оңғар белді азамат, жарнама агенттігінің директоры. Ол өмірдің мәнін ұғынуға ұмтылады, бірталай сұрақтардың жауабын іздестіруге талпынады. Кімге бөгет жасадым, кімге залалым тиген деп ойлайды. Көп ұзамай ол дінге бет бұрады. Иман келтірген соң, ол осы кезеңге дейін мазалаған сансыз ой мен жұмбақтың шешімін табады. Ал актриса Юлия Зимина оның ғашығы Зинаның бейнесін сомдайды.

Ербол Жұмағұлов

Режиссер әрі журналист-ақын Ербол Жұмағұловтың айтуы бойынша, қазіргі таңда дін мәселесі көбірек талқылануда, ал сенім жайлы сөз аса қозғалмайды. Сенім әлсіреген тұста, адамның рухы әлсірейді деген пікірде. Ол фильм сценарийін бір жарым жыл жазған екен. Режиссер фильм көркемдік шығарма болмағандықтан, көпшіліктің көңілінен шықпауы мүмкін деп болжамдайды. Ең бастысы, фильмді көрген жан «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап табуға асығуы керек.

Түсірілім жұмыстары маусым айының аяғында басталып, тамыз айының соңына дейін жалғасатын болатын. Түсіруші топ дайын өнімді 2013 жылдың наурыз айында көгілдір экраннан көрсетуді жоспарлауда. Фильм бюджеті 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Фильмді белгілі сазгер Қуат Шілдебаевтың музыкасы көркемдейтін болады.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: kazakhfilmstudios.kz

905 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 31 шілде 2012, 14:42
Пікірлер
+0
31 шілде 2012, 12:36

Көруге асығып тұрмын. Сценарийі жақсы сияқты

+0
31 шілде 2012, 12:41

Бізге осы тақырыптаға фильмдер аса қажет, қатты қызықтырып тұр! Күтетін боламын! А сосын неге орыс актриса алынған екен?

+0
31 шілде 2012, 12:51

Шетелдік актер қажет емес еді деп ойлаймын

+0
31 шілде 2012, 14:22

Зинаның рөліне кез келген қазақстандық орыс актрисаларды табуға да болар ед

+0
31 шілде 2012, 12:58

"Режиссер фильм көркемдік шығарма болмағандықтан, көпшіліктің көңілінен шықпауы мүмкін деп болжамдайды". Көпшіліктің көңілінен шықпаса, не үшін ақ тер, көк тер болып түсіргелі жатыр? :roll:

+0
31 шілде 2012, 13:37

жақсы бастама, керемет кино шығуы тиіс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...