Шерлоктың рөлін сомдаған британдық әртіс Бекмамбетовтің фильміне түспек

Шерлоктың рөлін сомдаған британдық әртіс Бекмамбетовтің фильміне түспек
Фото: rabstol

Британдық актер Бенедикт Камбербэтч The Current War кинотуындысында өнертапқыш әрі кәсіпкер Томас Эдисонның рөлін сомдайды. Ал оның қарсыласы – инженер Джордж Вестингузды америкалық жұлдыз Джейк Джилленхол ойнамақ. Variety-дің хабарлауынша, картина продюсері – Тимур Бекмамбетов. 

Оқиға сюжетіне тұрақты және айнымалы тоқты пайдалану үшін өзара күрес жүргізген Эдисон мен Вестингауздың арпалысы негіз болған. Оқиға желісі сонау 1880 жылдарда өрбиді. Өнертапқыш пен инженердің арасындағы «соғыс» жүз жылға созылыпты, деп жазады lenta.ru басылымы.

Кинокартина продюсері – Тимур Бекмамбетов. Ал режиссері «Я, Эрл и умирающая девушка» мелодрамасы арқылы әлемге танылған америкалық Альфонсо Гомез-Рейон болуы мүмкін.  

Түсірілімнің басталуы мен кинотуындының жарыққа шығатын уақыты әзірге нақтыланбаған. 

Айта кетсек, аталған картинада басты рөлді сомдайтын Камбербэтч киносүйер қауымға «Шерлок» сериалы арқылы танылған еді. 

Дереккөз:bnews

С. Ерсін