"Еуразия" фестивалінде посткеңестік Грузия туралы фильм көрсетілді

"Еуразия" фестивалінде посткеңестік Грузия туралы фильм көрсетілді
Фото: massaget.kz

Өткен аптада басталған "Еуразия" кинофестивалінде Саломэ Алекси түсірген "Несие" (Line of credit) фильмі көрсетілді. Жоба Грузия, Франция және Германияның мамандарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында жүзеге асты.

Кинода Кеңес үкіметінің қармағынан босағаннан кейінгі Грузия сипатталады. Ресми мәлімет бойынша, тәуелсіздік алғаннан кейін ел халқының 14 пайызы үйінен айрылған. Жемқорлық жайлаған елдің нашар экономикасына елдің қаржылық сауатсыздығы қосылып, халықтың жағдай мүшкілдене берді.

Фильм желісі бойынша, Нина есімді әйел материалдық қиындықтан құтылу үшін бірнеше рет кредит алады.

Массагет фильм туралы көрермендердің пікірін біліп, жоба продюсерімен сөйлесті:

Е. Қайрахан