Тимур Бекмамбетов қазақстандық спорт шеберлерімен жұмыс істеп жатыр

 Тимур Бекмамбетов қазақстандық спорт шеберлерімен жұмыс істеп жатыр

Қазақстандық “Кун-До” сахналық төбелес мектебі кеңестік "Джентльмены удачи" (Сәттілік джентльмендері) фильмі ремейкінің экшн-көріністерін жасаумен айналысуда. Бұл туралы tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

"Кун-До" делегациясы жақын арада Санк-Петербург қаласынан оралды. Актерлар көрші елде аталған жобаның кейбір көріністерін түсіріп келгендігін айта кетелік. "Біздің жұмысымыз, әрине, әлі біткен жоқ. "Кун-До" жақын арада жоба жұмыстарына қайта кірісетін болады", - деді команда актерлері.

"Сәттілік джентльмендері" фильмінің ремейкімен Тимур Бекмамбетовтың компаниясы айналысып жатыр. Жаңа картинада ресейлік Сергей Безруков, Гоша Куценко және Антон Богданов секілді актерлер өнер көрсететін болады.

df

“Кун-До” мектебінің жетекшісі Игорь Цай мен режисер Тимур Бекмамбетов

Айта кетелік, "Кун-До" Тимур Бекмамбетовпен 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Ұжым осы уақытқа дейін режисермен бірігіп “Дневной дозор”, “Выкрутасы”, “Особо опасен” секілді картиналарды түсіріп үлгерген.

Серіктестер соңғы рет "Президент Линкольн: Охотник на вампиров" фильмінде бірігіп жұмыс істеген болатын. Актерлер картинадаға экшн-көріністер үшін жауап берді. 

“Кун-До” сахналық төбелес мектебінің негізін қалаушы - Игорь Цай.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: voxpopuli.kz, Игорь Цайдың жеке мұрағаты.